Бұл туралы бүгінгі баспасөз брифингінде Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бөлім басшысы Сәкен Әбдіжаппар мәлімдеді.

Әбдіжаппар Сәкенұлының айтуынша, Республика даңғылынан бастау алатын Ю.Гагарин көшесінің атауы өзгеріссіз қала бермек. Көше атауларының қайталанбауын қамтамасыз ету үшін қала аумағына кейіннен қосылған Абай ауданы Игілік тұрғын алабындағы Ю. Гагарин көшесін – Айсакөл, Еңбекші ауданы Жұлдыз тұрғын алабындағы Ю. Гагарин көшесін Асубұлақ деп өзгертуге ұсыныс тастады.