Жедел жәрдем мамандары 64 азаматты аман алып қалған

185

Шымкент қаласындағы жедел жәрдем қызметінде сәтті реанимациялық көмектер көрсеткіші артқан.
Жыл басынан бері 103-қызметіндегі мамандар 64 азаматқа шұғыл реанимациялық көмек көрсетіп, ажалдан арашалап қалған. Бұл туралы қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнәр Құрманбекова тілшілердің қатысуымен өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.
Салаға жауаптылардың сөзінше, жедел жәрдем қызметкерлері ес-түссіз халге және жүрек соғысы тоқтап қалған науқастарға сәтті реанимациялық көмек көрсеткен.
Өткен жылмен салыстырғанда, сәтті реанимациялық көмектердің саны 44 пайыздан 64 пайызға артып отыр. Бұл дегеніміз жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің біліктілігі жылдан жылға артып келе жатқанын көрсетеді.
Айта кетейік, қалада жедел жәрдем көрсету қызметің 9 бекет, 7 филиал және 15 МСАК жаңындағы бөлімшелер құрайды. Емхана және ауруханаларымен біріктірілген бірыңғай байланыс CALL-орталығы ұйымдастырылған.