Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Жусан» операциясы нәтижесінде Сириядағы соғыс аймағынан отандастарымыз елге қайтарылған болатын.

Бүгін, Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жусан» операциясымен қайтарылған азаматшаларды зайырлы қоғамға бейімдеу, дәстүрлі құндылықтарға баулу мақсатында Түркістан облысында орналасқан тарихи-мәдени орталықтардың бірі Арыстанбаб кесенесінде экскурсия жұмыстары өтті.

Келесі аялдама Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі.