Қазақстандықтардың жеке мәліметтері сақталған сайт әшкере болды

68
фото tengrinews.kz

Роскомнадзор қызметкерлері Қазақстанның 34 және Ресейдің 60 қаласының тұрғындары жайлы жеке мәлімет сақталған интернет-ресурсты анықтады. Бұл туралы ведомство сайтында жарияланған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әңгіме домені Францияда орналасқан портал жайлы. Сайт өзін «телефон анықтамалығы» деп жариялап, тіркелушілерге мәліметтер базасында ұялы телефон нөмірін енгізу ақылы SMS-пен кіру кодын алуды ұсынады.  Мамандар ресейлік және қазақстандық тұрғындардың, оның ішінде миллионға жуық адамның тегі, есімі, мекенжайы, алфавит бойынша жазылған телефон нөмірлерін анықтаған.  Сайт жеке мәлімет субъектілерінің құқығын бұзушылар тізіміне енгізілді. Интернет-ресурс бұғатталады.