Шымкент қаласы әкімінің арнайы «Алғыс хатымен» бірқатар азаматтар марапатталды. Арасында, қала көшесін тазалап жүрген қоғамдық жұмысшыға қол ұшын созып, көмек көрсеткен «Қайырымды полицей» де бар.

Шымкент қаласының экономикалық-әлеуметтік, рухани-мәдени дамуына қатысты қалам тербеткен «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің ұжымы «ҮЗДІК РЕДАКЦИЯ» атанды. Ал «Оңтүстік» телеарнасының тілшісі «Үздік жүрналист» номинациясын иеленді. Жылдың үздігі атанған бұл ұжымға 500 000 теңгеден қаржылай сыйлық табысталды.

Сонымен қатар, «Жыл үздігі» номинация иелеріде марапатталып 150 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Олар:
1. «Үздік әлеуметтік ролик авторы» – Нұрғали Матаев
2. «Үздік блогер» – Арай Есенбек
3. «Үздік телебағдарлама авторы» -Бағлан Байкөбеккызы
4. «Үздік тележурналист» -Новикова Анастасия «Отырар» телеарнасы
5. «Үздік радио бағдарлама авторы» – Уалихан Қожақ
6. «Үздік ақпараттық порталы» – ақпараттық портал «Меdia.on», редактор Малика Абдалиева
7. «Үздік ақпараттық портал тілшісі»- Асылбек Түйетаев
8. «Үздік баспа басылымы» – «Уакыт» газеті, бас редактор Талгат Балтабаев
9. «Үздік баспа басылымының журналисті» -Аширова Акмарал Молдиярқызы
10. «Үздік баспасөз хатшысы» – Әсел Саденова (Шымкент қ. полиция департаменті)
11. «Үздік әлеуметтік ролик авторы» -«Eltar» порталы, Жансая Тауекелкызы
«Үздік журналист» -Нұрлан Әлімбаев («Оңтүстік» телеарнасының журналисті)
«Үздік редакция» -«Шымкент келбеті» газетінің редакциясы

Сонымен қатар, Шымкент қалалық мәслихатының «Алғыс хатымен» «Оңтүстік Рабат» газетінің тілшісі Жанерке Хумар және «Отырар» телеарнасының тілшісі Мақпал Рысбаева марапатталды. «Отырар» телеарнасының «Ата-анасыз бір сағат» бағдарламасының редакторы Айжан Ермекқызы «Рухани жаңғырудағы БАҚ-тың маңызы» атты шығармашылық байқауының 1-ші орын иегері атанса, «Отырар» телеарнасының тілшісі Шынар Оразова осы байқаудың «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.