Құжаты жоқ өнім тәркіленді

124

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен, «Қазыбек» базарында жүргізілген тексерулер барысында, салық органдарында кәсіпкер ретінде тіркелмей Қырғызстан Республикасынан алма импорттап, оны сатумен айналысып жүрген үш жеке тұлға анықталды.

Оларға қатысты Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына ҚР ӘҚБК-нің 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін құжаттары жолданып, нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 463 бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әр қайсысына 37 875 теңге әкімшілік айыппұлдары салынды.

Сонымен қатар, жеке тұлғалардың алманың тауар-ілеспе құжаттары болмағандықтан жемістері тәркіленіп, 320.00 328.00 салық есептілік нысандары тапсырылып, 105115 бюджеттік сыныптама кодына 64000 теңге мөлшерінде импортталған тауарларға ҚҚС төленді.