Тұңғыш Президент күнін Алматы облысының Текелі қаласындағы 12 отбасы жаңа баспанада қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тұңғыш Президент күнін Алматы облысының Текелі қаласындағы 12 отбасы жаңа баспанада қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сондай-ақ осындай қуанышқа алты баланы тәрбиелеп отырған Ержан Ғалымның да отбасы кенелді. Баспана тауқыметін тартқан жанұяға мұндай қуанышты Алматы облыстық Мәдениет басқармасы мен облыстық газет редакторлары сыйлады. Жанұя енді екі бөлмелі пәтерде тұратын болады. Айта кетейік, бұған дейін Тұңғыш Президент күніне орай Алматы облысының Алакөл, Көксу, Кербұлақ аудандарында да жаңа баспана кілттері тапсырылған болатын.