Қаржының басым бөлігі білім саласын қолдауға бағытталды

230

Алдағы үш жылға облыс бюджеті бекітілді. 2020 жылға облыстық бюджеттің түсімдері мен шығыстардың жалпы көлемі 417 млрд теңгені құрады.

2020-2022 жылдарға республикалық бюджеттен бөлінетін субвенция келер жылы -387 астам млрд болса, 2021 жылы — 410 млрдан асады, ал 2022 жылы — 433 млрд. теңге көлемінде жоспарлануда. Айта кететін жәйт, қомақты қаржы 52 млрдан астам теңге білім саласын қолдауға бөлінді.

Арман Абдуллаев

Арман Абдуллаев, Түркістан облысының стратегия және  экономикалық даму басқармасының басшысы: «Білім саласына 52 654, млн. теңге бағытталды. Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 69 мамандық, 129 бірлік  бойынша білім алып жатқан 22 372 студенттердің 26 мемлекеттік колледжде-13 470, жеке меншік 22 колледжде-8 902 ағымдағы  шығындарына жалпы  14 905,1 млн. теңге бағытталды. Облыстағы 5 білім беру мекемелерінің күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға 1 534.1 млн теңге жоспарланды.  Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 7 білім беру нысандарының инвестициялық және операциялық шығындарын және 1 нысанды консультативті сүйемелдеуге  896,7 млн. теңге қарастырылды. 2019 жылдан өтпелі 51 нысанның құрылысына 22 967 млн. теңге қарастырылып, нәтижесінде 49 нысан іске қосылатын болады».

Шынар Оразова