Ұшақ апатынан жапа шеккендерге қатысты жаңа деректер мәлім болды

173
фото inform.kz

Алматыда ұшақ апатынан қаза тапқандар мен жарақат алғандарға қатысты жаңа деректер мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алдын ала деректерге сәйкес, 9 адам қаза тапты. Жарақат алғандардың саны 9 адам, оның алтауы — бала» делінген хабарламада. Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылған.