Осылай деп қаламыздағы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары мәлімдеді. Бұл үшін мемлекет тарапынан 9,5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Көгілдір отын Сайрам ауданындағы Қасым Датқа АГРС-дегі құбырдан тартылмақ.
Нұрлан Жаманкөз, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары: «Келесі жылы наурызға дейін жобаны жасап бітсек, 2020 жылдың қараша айында құрылысты аяқтап іске қоспақшымыз. Қыс мезгілінде тұрғындар толықтай көгілдір отынға қол жеткізеді».
Назерке Үкібасова