2020 жылы Түркістан 100 пайыз газдандырылады

348

Қазақстан Тәуелсіздігіне 28 жыл қарсаңында түркістандықтардың жартысынан астамы көгілдір отынмен қамтылмақ. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 3 жыл бұрын шаһарға халыаралық маңызы бар Бейнеу-Бозой магистарльды газ құбыры тартылып, автоматтандырылған газ тарату станциялары іске қосылған еді.

Құрылысы 2015 жылы басталған жобаға облыстық бюджет есебінен жалпы сомасы 1 млрд. 120 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда Түркістан қаласындағы «Сауран» шағынауданына толығымен газ тарату жүйелері жүргізіліп, жеке тұрғын үйлерге газ кіргізу жұмыстары жалғасуда.

Жоба бойынша аталған шағынаудан аумағындағы 7500 абонент табиғи газбен қамтылуы тиіс болса, бүгінгі күнге дейін 500-ге тарта абонентке табиғи газ кіргізілген. Алдағы күндері қалған абоненттерді газдандыру жұмыстары жалғасын таппақ. Алайда күрделіктер де жоқ емес.

Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы: «Халықтың арасында жұмыс жүргізбесек, газды үйлеріне кіргізуге құлшыныс танытып отырған жоқ».

Облыс орталығын газдандыру мәселесі облыс мәслихатының тұрақты комиссияларында да талқыланды. Осы өлкеден сайланған депутаттар 4 жылдан бері газбен қамтылу көрсеткішін 60 пайызға жеткізе алмауымыз бізге сын деп отыр.

Үмбет Жүсіпбаев, облыс мәслихатының депутаты: «Газ келмегеніне осында отырған депутаттар біз кінәліміз. Неше пайыз болды? Әлі толық газдандырмадық, қашан бітеді өзі?».

Рашид Аюпов, Түркістан қаласының әкімі: «Түркістанды газдандыру келесі 2020 жылы аяқталмақ, сол кезде толық 100 пайыз газбен қамтылатын болады».

2019 жылы өтпелі 16 нысанның құрылысына 7 млрд. 904 млн. теңге қарастырылып, 15 елдімекенді қамтамасыз ету жоспарланып, қамтылған елдімекендер саны 428-ге қамтылу деңгейі 51,2 пайызға жетеді.

Шынар Оразова