Шымкентте атаулы әлеуметтік көмектің шартты негізінде қаржылай көмек алып, өз кәсібін ашып жатқандардың саны артып келеді. Солардың бірі — Шахида Латипова.
Бес баланың анасы ағымдағы жылы алған қаржыларына тәтті нан тағамдарын сататын дүкен ашып, ішіне қажетті тұрмыстық заттар сатып алған. Қазірге дүкенді жалға алып отыр. Тәттілердің барлығын өзі дайындайды.
Бұрындары тәттілерді үйінде дайындап жүрген Шахиданың болашақтағы жоспарлары көп. Жеке дүкен ашып, бірнеше адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.