Алматыда мектеп-интернаттар мен балалар үйлерінің үлкен сынып оқушылары арасында үздік вайн конкурсының финалы өтті. Қазылар алқасының қарауына үш мектеп-интернаттың және облыстық балалар үйінің 5 командасы конкурс жұмыстарын ұсынды. Жобаны «АЯЛА» қайырымдылық қоры 48Hours Film Race Орталық Азиядағы қысқаметражды фильмдер конкурсын ұйымдастырушыларды шақыра отырып іске асырды.
Жобаның мақсаты – қоғамның әлеуметтік қорғалмаған топтарынан шыққан жасөспірімдердің арасынан болашақ вайнер, актер, режиссер, сценаристер талантының ашылуына көмек беру.
Конкурс үшін қорытынды 6 жұмысты 4 мастер-класста оқудан өткен жасөспірімдер жасады. Балалармен бейне ойынның сценарийін жасау құпиясымен онлайн-режиссер Ерден Телемисов бөлісті. Конкурсанттарды актерлік шеберлік тәсілдеріне әйгілі театр және кино актері Асқар Ильясов үйретті. Тревел-блоггер және видеограф Ханзат Кеңес смартфонда бейне түсіру және монтаждау әдістерімен таныстырды. Pazl юутб-командасы және TJokers вайн-ұжымы өздерінің жетістік тарихымен жігерлендірді және оларға керемет бейне тарих жасау үшін лайфхактар ашты.
Вайндар конкурсының бас демеушісі болған SAMSUNG компаниясы жеңімпаз командаларға смартфондар тарту етті.
— SAMSUNG компаниясы қазақстандық жастар мен жасөспірімдердің интеллектуалдық және креативтік ортада дамуына белсенді қолдау көрсетеді. Бұл жобаның мектеп-интернаттар мен балалар үйлерінің жасөспірімдеріне жаңа мүмкіндік – өздерінің актерлік, режиссерлық, сценаристтік, операторлық талантарын ашуына мүмкіндік бергеніне қуаныштымыз. Финалға қатысушыларды жеңісімен құттықтаймын, ал барлық конкурсанттарға шабыт және шығармашылық табыс тілеймін, — деді SAMSUNG компаниясының өкілі Берік Құмаров.
Вайндар конкурсы – бұл «АЯЛА» қоры «Кәсіби бағдарлау» ауқымды бағдарламасының шеңберінде іске асыратын жобалардың бірі. Оның мақсаты – балалар үйлерінің және мектеп-интернаттардың балаларының өмір сүру үшін және болашақта қаржылай дербес болу үшін кәсіп таңдауына және пайдалы дағды үйренуіне көмек беру. 6 жылдың ішінде қор 5 курс ұйымдастырып оны жүзеге асырды, ағаш ұсталығы және тігін ісі бойынша 17 арнайы шеберхана ашты, ондаған сенімді және қамқор адамдарды осы бағдарламаға педагог және қатысушы ретінде тартып, олар Қазақстанның әртүрлі қалаларында мыңдаған балалардың оқудан өтуіне көмек берді.
Конкурсты ұйымдастырушы жобаның нәтижелері оған қатысушылардың болашағы үшін жақсы серпін береді деп санайды.
— Біз жасөспірімдерге олар үшін креативті, болашағы зор және өте тартымды салада – ойын-сауық бейне-контентін жасау мүмкіндігін алғаш рет беруді шештік. Конкурс нәтижелері көптеген балалардың одан әрі дамытуға болатын үлкен әлеуетінің бар екенін көрсетті. Біздің конкурсқа қатысушылардың бірі телевизия жүргізушісі болуға шешім қабылдады, яғни ол бейне-блоггинг бағытында өсуді жалғастырғысы келеді. Сондықтан жобаның мақсаты – жігерлендіру мен таланттарды ашуға қол жеткіздік деп санаймыз, — деді «АЯЛА» қорының коммуникациялар жөніндегі вице-президенті Наталья Еськова.