Басқарма басшысы тағайындалды

811

Қала әкімінің өкімімен Рашид Мыңбаев мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Рашид Мамытұлы 1981 жылы туылған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі және экономист.

Рашид Мамытұлы еңбек жолын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен бастаған. Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі және көмекшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инпекторы, Кентау қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.