Қазығұрт АПБ-не базарда киім сатумен айналысатын әйел, жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында бутигінің алдында ілулі тұрған базар нарқымен 15 000 теңге тұратын қара түсті күртешесін белгісіз біреу ұрлап кеткенін айтып, көрсетеді.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Орын алған ұрлық жайтын ашу мақсатында Қазығұрт АПБ-нің КПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, шұғыл іске кірісіп кетті.

Куәгерлерден сұрастырды, жақын аймақтарды аралап шықты, бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде, күдіктінің бейнебақылау камерасына түскен бейнесін тауып, оның жеке-басын анықтайды. Және күдіктіні базарда жүрген жерінен ұстады. Тергеу барысында, күдіктінің сатушы орнында болмағанын пайдаланып, ұрлау ойы келіп, арам ойын іске асырғаны белгілі болды. Ол өз кінәсін толық мойындап, айғақты зат ретінде ұрланған күртеше тәркіленіп алынды. Заңды иесіне қайтарылды.

Полицейлер жүргізген тексеру барысында күдіктінің тағы да 3 ұрлық қылмысына қатыстылығы анықталды. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.