Еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай іс-ашара өтті.

Студент жастар елбасының өмірлік жолымен арнайы дайындалған бейнематериалдан  ғана біліп қоймай, сонау 1957 жылдары Днепродзержинскіде президентпен бірге оқып, еңбек жолын бірге бастаған курстастарының баянды әңгімесіне қанықты. Достары Нұрсұлтан Назарбаевты зерек, білімге құштар, достыққа берік деп сипаттады.

Тельман Спаев, елбасының курстасы

Тельман Спаев,  елбасының курстасы: «1957 жылы Днепродзержинскідегі техникалық училищеде  Нұрекеңмен бірге бір группада оқыдым. Ол староста, мен комсомол бюросының мүшесімін. Болашақ президент  беске оқыды, ұйымдастыру қабілеті де жоғары болды. Ұстазымыз үнемі айтып жүретін, Нұрсұлтан Назарбаев бірінші хатшы болады деп. Ия, айтқаны келді. Достыққа  берік, жауапкершілігі мол,  ісіне ұқыпты болатын».

Ерментай Свпарбаев, елбасының курстасы

Ерментай Сапарбаев, елбасының курстасы: «Мен елбасымен техникалық училищеде оқып, кейін 4 жыл бір бригадада  еңбек еттім. Шойынды балқытатын едік. Жұмысқа кешікпейтін. Барлығын тиянақты жасауға тырысатын».

Шынар Оразова