Ордабасы ауданында жан түршігерлік жол апаты болды. Оқиға орнында 2 адам қайтыс болған. Алдын ала болжам бойынша Шымкент – Самара автожолында «Хюндай сратрекс» көлігі лық толы адамдарымен тракторға соғысқан.

Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 6 жарымдар шамасында болған. 11 жолаушысы бар қалааралық шағын автобус Шымкенттен Түркістанға бет алған. Жол ортасындағы апаттан екі адам оқиға орнында тіл тартпай кетті. Алтауы Ордабасы аудандық ауруханасына жеткізілген.

Қайрат Қонысов 6 ай Ресейде жұмыс істеп, жаңа жылға отбасымен қауышуға келген. Әуежайдан түскен бетте Түркістанға бет алған. Алайда, ұйықтап кеткен жолаушы көзін ашқанда жанұясының қасында емес ауруханада жатқанын бірақ білген. Миы шайқалып, сол иығынан зақым алыпты.

Ауруханаға түскен алты адамның біреуі жансақтау бөлімінде. Санавиациямен жеткен дәрігерлер олардың жағдайын жіті тексерген. Отаны қажет етпейді. Алайда 25 жастағы азаматша ауыр халде. Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды. «Хюндай» көлігінің жүргізушісі қамауға алынды.

Қас пен көздің арасында болған жол апатыннан зардап шеккендер аурухана төсегінде қанша жатары әлі белгісіз.

Ғалымжан Кенжебек