«Әлеуметтік желіде бір топ жігіттер қызды көлікке мәжбүрлеп отырғызған бейнежазба таралған болатын. Бұл бейнені тексеру кезінде полиция оқиғаның Түркістан облысының Арыс қаласында болғанын анықтады. Қыздың анасы полицияға шағым түсірді. Бүгінде қыз үйіне ата-анасына оралды.
Бұл факті Арыс АІІБ — де ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы «Адам ұрлау» бабы бойынша тіркелді. Күдіктінің айтуы бойынша, ол қызбен бірге сыныпта бірге оқыған және ұрлау неке мақсатында болған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр». Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қарагөзова facebook желісінде жариялады