Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ұжымы жылды қорытындылады. Мерекелі шараға аудандардан арнайы шақыртылған азаматтар өңіріміздің әр өлкесіндегі аудандық сайлау комиссияларының мүшелері.

Жаңа жыл қарсаңында ағымдағы жылы ҚР Президенті сайлауында  белсенді жұмыс атқарған учаскелік сайлау комиссияларының төрайымдары, хатшылары, мүшелері Орталық сайлау комиссиясының «Алғыс хатымен», облыстық аумақтық сайлау комиссиясының Грамотасымен және облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының «Алғыс хатымен» марапатталған Келес ауданындағы №362 сайлау учаскесінің төрайымы Лола Илимшаева еңбегінің еленіп, құрмет көрсетілгеніне риза.

Лола Илимшаева, Келес ауданындағы Ә,Молдағұлова атындағы мектептің директоры, №362 сайлау учаскесінің төрайымы 

Лола  Жарылқапқызы барша сайлаушыларды Жаңа Жылмен құттықтап, отбасыларына амандық, бейбіт өмір тіледі.

Орталық сайлау комиссиясының «Алғыс хатымен» Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы  Сағымбекова Ольга, Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Қалдарбекова Гүлжан, Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы хатшысы Төлеев Қайрат, Жетісай ауданы әкімі аппараты, ұйымдастыру-инпекторлық бөлімінің басшысы Оралбеков Тимур марапатталды.

ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай  Түркістан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғазы Асылбеков, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Махамбетова Гүлбала марапатталды.

Облыс әкімінің «Алғыс хатымен»  Келес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлсейітов Жаппар, Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бобетов Рамазан,  Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Санжар Махановқа табыс етілді.

Түркістан облыстық  аумақтық сайлау комиссиясының  Грамотасымен  өңіріміздің   аудандық аумақтық сайлау комиссияларында  қызмет еткен 18 жерлесіміз марапатталды.

Шынар Оразова