Олардың қатырында «Ордабасы» кәсіби футбол клубы» акционерлік қоғамы, 2 жоғары спорт шеберлер мектебі, 18 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиада резервін даярлау орталығы, 5 спорт клубы, «Жеңіл атлетикалық спорт кешені», «Орталық су-спорт кешені», «Қажымұқан атындағы орталық стадион», дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері бар.
Аталмыш мекемелерде 1107 жаттықтырушы 18 796 спортшымен жұмыс жүргізуде.
Халықты дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және спорттық инфрақұрылымды кеңейту, бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту мақсатында қалада мемлекеттік жекешілік-әріптестік тетігі арқылы 4 спорт нысаны жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев баспасөз-брифингінде мәлімдеді.