Шымкент әкімі тойды кредитке өткізуге қатысты пікір білдірді

217
фото tamashatoy.kz

Қала басшысы Ерлан Айтаханов «сізді тойға жиі шақыра ма?» деген сұраққа жауап берді. Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов жергілікті халықтың тойды жиі өткізуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Енді, той деген жақсы ғой. Жағдайы болса, неге өткізбеске? Ал халық кредит алып, той өткізсе, ол — екінші мәселе. Әр адам өз жағдайына қарай қарау керек қой», — деді Айтаханов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Ал «Сізді тойға жиі шақыра ма?» деген сұраққа: «Мен тойға бармаймын. Енді, білмеймін…Той көп болсын!», — деп қысқа ғана қайырды.