«Береке басы- бірлік» қоғамдық форумы аясында өтетін «Шымкент – қайырымды қала» атты іс-шарасы өтті. Салтанатты шарада Шымкен қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева ҚР Тәуелсіздігі күнімен құттықтады.

Жанар Бектаева, Шымкен қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы: «Баршаңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Шырайлы Шымкентімізде көптеген игі істер атқарылып жатыр. Солардың бірі қаламыздың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 2020 жылғы мәдени астанасы болып белгіленуі».

Сонымен қатар форум барысында » Береке басы бірлік» тақырыбында өткен жыр мүшайрасы жеңімпаздарының жырлар жинағаның тұсауы кесілді.