Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Нұр Отан партиясының Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен және қайырымдылық қорларының белсене қатысуымен 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шарасы өтті. Шара байрақты еліміздің дамуында еңбегі елеулі бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттаудан басталды.

Қазақ халқы үшін қасиетті мереке Тәуелсіздік күні қарсаңында Шымкент қалалық Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов Шымкент қаласының тұрғындарын алда келе жатқан ұлық мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсын тәмамдаған 30 бағдарлама қатысушысына тігін машиналары мен кондитерлік пештер сыйға тартылды. Бұл кәсіп бастауды мақсат еткен азаматтарға зор қолдау.

Үшінші мегаполисте «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында кәсіптік-техникалық мамандарды даярлауға ерекше ден қойылып отыр.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаевтың айтуынша қалада қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жыл басынан бері 4 мыңнан аса азамат жолданған. Айтуынша бос жұмыс орындарына азаматтарды жолдау жұмыстары да жүйелі.Үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанына дейін 15 мыңға жуық азамат тұрақты жұмысқа орналастырылған дейді басқарма басшысы.