Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері аудандар бойынша АӘК-ті белсенді алушылардың алфавит тәртібіндегі кестесін жасады.
Бұл кесте халық арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімдіктерінің тиісті бөлімдеріне жолданды. Министрлік атаулы әлеуметтік көмек берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірледі, Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі.
Ұсынылып отырған жаңа ұстанымдар: — көпбалалы аналарды қолдауды; — жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмекті; — кепілді әлеуметтік көмекті қамтитын болады. Табысы аз балалардың 60%-ға жуығы көпбалалы отбасынан шыққан балалар (56,5%). Осыған байланысты, көпбалалы отбасыларды қолдау үшін атаулы әлеуметтік көмек алушы көпбалалы отбасылар құрамынан балаларды шығарып, оларға табысқа қарамастан берілетін мемлекеттік жәрдемақыға ауыстыруды ұсынып отырмыз. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындап, олардың әл-ауқатын арттырудың бірден бір жолы болады. Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай, яғни: — 4 балалы отбасыларға – 42500 теңгеден; — 5 балалы отбасыларға – 53 125 теңгеден; — 6 балалы отбасыларға – 63 750 теңгеден; — 7 және одан да көп балалы отбасыларға – 74 375 теңгеден төлем жүргізу көзделіп отыр. Әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ету үшін АӘК нағыз мұқтаж, өмірлік қиын жағдайға тап болған және өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға ғана тағайындалуы тиіс. Ол үшін: -біріншіден АӘК-тің тоқсан сайынғы тағайындау тәртібін қайтару және тиісінше шартты және шартсыз көмекті үш айға тағайындау.
Бұл бір жағынан АӘК алушылардың өз табысын жасыру мүмкіндігін шектейді. Екінші жағынан, баланың тууы, жұмысты жоғалтуы, әлеуметтік мәртебенің өзгеруі сияқты түрлі себептерге байланысты атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға тоқсан сайын жүгінген кезде тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек мөлшері ұлғаюы мүмкін. — екіншіден барлық отбасы мүшелеріне АӘК орта табысымен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленетін болады. — үшіншіден, егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған белсенді жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылатын болады.
Сондай-ақ, бала күтімімен айналысатын анаға, бала үш жасқа толғаннан кейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу міндеті қойылады. — төртіншіден, учаскелік комиссияларжұмысы және жауапкершілігі күшейтіледі. Өкінішке орай АӘК алушылар бірнеше қабатты жеке үйлерде тұрып жатқан, бірнеше автокөлік бірлігі болған, жер учаскелері мен жеке қосалқы шаруашылықтары үлкен көлемде болған мысалдар аз емес. Бұл жағдайлар учаскелік комиссиясынан жауапкершілігінде болады.
Сондықтан, заң жобасында учаскелік комиссиялар үшін атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын анықтау тәртібі бекітіледі, сондай-ақ учаскелік щ комиссияның қорытындысы бойынша мұқтаж емес отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайтын болады.
АӘК-ке үміткер отбасылар санының артуы, қоғамдық негізде жұмыс істейтін учаскелік комиссиялардың жұмысына әсер еткенін мойындау керек. Сондықтан, біз заң жобасында учаскелік комиссияларға отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды жасау үшін мерзімді үш күннен жеті күнге дейін арттыруды ұсынамыз. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын әлеуметтік кепілдендірілген пакетті беру ұсынылды.
Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен қамтамасыз етілетін болады. Ал, оқушы балалар үшін мектептерде тегін ыстық тамақты, күнделікті мектепке дейін және кері тегін жол жүруді, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу құралдарын мемлекет есебінен берілетін болады.