Қайғылы оқиға 19 желтоқсанда болған. Төтенше жағдай қызметкерлері оқиға орнына дер кезінде жеткен. Жіті зерттеу барысында негізгі үйге екі қабатты қосымша тұрғын жай салынғанын анықтаған. Бірінші қабат ас үй ретінде қолданылған. Екінші қабат – тұрғын жай. Дәл сол жерде ирандық газ камині орнатылған.
Мұржаны қабырға арқылы далаға шығарып, ауа өткізгішті қалпақпен жауып қойған. Каминде сыртқа шығаратын жүйе болмаған. Бөлмеде иісті газ біртіндеп жинала берген. Нәтижесінде 17 жастағы қыз көмірқышқыл газымен уланудан қайтыс болды.