Шымкентте полицейлердің үстінен 2000-ға жуық арыз түскен

216

Шымкентте құқық қорғау органдарының өкілдері, оның ішінде полициялар көбіне қызметі мен құзыретін асыра пайдаланады. Жыл басынан бері осы және өзге де шағыммен олардың үстінен 2000-ға жуық арыз түскен. Қазіргі уақытта оның 368-і бойынша қылмыстық іс қозғалған.

10 айдың ішінде 33 іс сотқа жолданып, қылмыстық іске қатысы бар 35-і жауапкершілікке тартылыпты. Бұл жөнінде Шымкент қалалық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшлығы мәлімдеді.

Айтуларынша, қазіргі кезде құқық қорғау органдары өкілдерінің жұмысын жіті қадағалау, сапасын анықтау мақсатында ауқымды жобалар атқарылып жатыр. Жүріс-тұрысынан бастап, жеке азаматтармен жүргізген жұмыстары да назарға алынған.

Бауыржан Бектұров

Бауыржан Бектұров, Шымкент қалалық полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы басшысының орынбасары: «Жіліктеп қарайтын болсақ, жыл басынан бері Шымкент қалалық полиция департаментіне қатысты – 4,  қылмыстық атқару жүйесі департаменті бойынша – 1 және Б. Момышұлы атындағы оқу орталығына қатысты 1 қылмыстық іс сотқа жолданған. Қазіргі уақытта барлық деңгейдегі басқарма басшыларының жауапкершілігінің күшейтілуін айтып отырмыз. Кез келген қарамағындағы қызметкер, қандай да бір қылмыс жасаған жағдайда, тікелей оның басшылары да жауапкершілікке тартылатыны барлықтарына айтылып, ескертілді».

Мөлдір Бекеева