Шымкентте «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің»  жаңа кеңес  беру орталығы ашылды.

Жаңа заманауи форматта жабдықталған кеңес беру орталығы Д. Қонаев даңғылы мен Т. Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл жерде азаматтар депозит ашып қана қоймай, несие рәсімдеу үшін өтінім бере алады. Және өз мүмкіндіктерін алдын ала-бағалауға мүмкіндігі бар.

Салтанатты  іс-шараға қатысқан  ТҮҚЖБ Шымкенттегі  филиалының директоры  Құдайберген Сейітмамбетов орталықтың қызметкерлері мен  салымшыларды жаңа кеңес беру орталының ашылуымен  құттықтады. «Шымкентте бесінші кеңес беру орталығы ашылып жатыр, құттықтаймын. Әр салымшының кез – келген уақытта кеңесшілерден қажетті  ақпаратты алуға мүмкіндігі бар. Шымкент қаласы бойынша  бүгінде салымшылардың саны 100 мыңға жетті. Ал жинағы 50 млрд. теңгенден асты. Кредиттік портфель – 43,4 миллиардты құраса,  ағымдағы жылы 23,8 млрд. теңгеге  2,190 заем берілді. ТҮҚЖ банкінде қаржысын жинақтай отырып, салымшылардың ең тиімді  2 -8,5 пайыз аралығында  баспана алу мүмкіндігі бар. Қаржысын жинақтай отырып, банк сыйлықақысынан бөлек, жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысына да ие болады. Оның мөлшері 20 пайызды құраса, 505 мың теңге салып-101 мың теңге сыйлықақы аласыз. Ол үшін 31 -желтоқсанға дейін, депозитті толтырып үлгеру қажет» деді филила директоры.

Ағымдағы жылдың шілдесінен  табысы төмен отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама аясында Қазақстан бойынша заем беріліп, оның ішінде 3,2 млрд теңгеге 250 заем Шымкент қаласында берілді.

«Әскери баспана» бағдарламасы әскери қызметтегі тұрғын үй төлемақы алатын қызметкерлерге арналған. Әскерилер үшін жеңілдетілген пайызбен алғашқы жарнасы үй құнының 15 пайызы  бар болса, 8 пайыз мөлшерлемемен заем береді. Қазіргі таңда еліміз бойынша 75 168 әскери қызметкері өз салымдарын Банкте жинақтап жатыр.  Оның ішінде  Шымкент қаласы бойынша 7173 салымшы әскери қызметкер бар. Бағдарлама  былтыр  басталғанына қарамастан, екі жылда – 6592 салымшы әскери қызметкер жаңа үйде қоныс тойын тойлады. Шымкент қаласы бойынша-116 әскери осы бағдарлама бойынша  пәтер кілтін алды.

Шынар Оразова