Шымкентте такси парктерінің бірінің көлігі апатқа ұшырады. Жол апаты бүгін сағат 11:00-ге жуық, «Нұрсәт» шағынауданындағы Назарбеков көшесінде орын алды. Бұл оқиғаны Шымкент қаласының тұрғыны бөлісті.

Белгілі болғанындай, Lada Grantа көлігі жылдамдықпен сол бағытта келе жатқан қоқыс таситын трактор тіркемесіне соғылған. Такси аударылып кетті, жүргізушіге дәрігерлер көмек көрсетті.

Оқиға орнында полиция мен дәрігерлер жұмыс істеуде.