Шымкенттегі People караоке-клубындағы жанжалдың соңы атыспен аяқтала жаздады.

Оқиға қаладағы «сегізінші» шағынауданда, түнгі сағат 3-тер шамасында орын алған. Клубта бір-бірімен ерегісіп қалған жастардың бірі «Лексус» автокөлігіне жақындап, «Сайгаға» ұқсайтын қаруды алып, клубқа қайта кірген. Қатты ашуға берілген жігіт сол маңайда полиция бекетінің барында байқамаған.Ондағы кезекші полиция қызметкерлері қару ұстаған жігітті көріп, сол клубқа басып кіріп, егескен қос тарапты полиция бөлімшесіне алып кетті. Ал клубтың барменіне психологиялық көмек қажет болып, ол есеңгіреп қалыпты.

Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мөлдір Бекеева