Шымкентте зорландым деген мейірбикенің ісіне қатысты апелляциялық сот басталды

309
сота қабылдау орталығы азаматтарды жеке мәселесімен қабылдауды күнделікті жүргізеді

Шымкентте «дәрігер зорлады» деген мейірбикенің ісіне қатысты апелляциялық сот басталды.

Ал 2 ай бұрын бұл іс бойынша әл-Фараби аудандық соты үкім кесіп, онда айыпталушы атанып келген нефролог-дәрігерді жазықсыз деп тапқан еді. Одан бөлек, тергеушінің процессуалдық заңды бұзғаны да анықталып, аудандық соттың судьясы енді қызметтік тексеріс жүргізілетінін мәлімдеген болатын.

Еске салайық, жергілікті емханалардың бірінде медбике болып қызмет ететін азаматша өзінің әріптесі зорлады деп сотқа шағымданған болатын. Жәбірленушінің сөзінше, зорлау оқиғасы 16 — сәуірде жұмыс орнында болған.

Мөлдір Бекеева