Шымкенттік ақ халаттылар «Еліміздің үздік» дәрігері атанды

389

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ұйымдастырған жалпы тәжірибе дәрігерлер арасында « Ең үздік отбасылық дәрігер мен оның командасы » номинациясымен шымкенттік дәрігерлер марапатталды.

Республикалық байқауының жеңімпазы №9 Қалалық емханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Исабаева Жумагул Асанханқызы атанды. Үздік дәрігер атанған маманың жұмыс өтілі 8 жыл, І санаттағы дәрігер. Жұмыс барысында жақсы көрсеткішерге жетіп, тұрғылықты тұрғындар арасында және ұжымда үлкен беделге ие, білікті маман.

Сондай-ақ дәл осы байқаудың қорытындысы бойынша «Біздің ең үздік отбасылық дәрігері және оның командасы» номинациясы бойынша №8 Шымкент қалалық емханасының қызметкерлері Буланбайқызы Салтанат, медбике Раш Айнур, Кенжебаева Мадина, Төлепбергенова Ұлжалгас, акушер Найманбай Гулдана, психолог Мамирова Севара және әлеуметтік қызметкер Бименова Назгул марапатталды.

Айта кетейік, Қазақстанда мыңдаған отбасылық дәрігер күн сайын күрделі және жауапты жұмысты атқарып келеді. Осындай бір дәрігердің жұмыс жүктемесінде отбасыдағы әже, ата, бауыр, әке, ана сынды 1500-ден аса пациент бар.