Осылай деген қаламыздың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бір жылдың ішінде 2 мың жанұяның айырылысқанын айтады. Некесін қиятындардың да қатары 2019 жылы әлдеқайда көбейген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 6 мың жұпты көрсетсе, биыл оның саны 7 мыңға жеткен.

Баланың туылуы да биыл жылдағыдан артып, 2019 жылы Шымкентте 30 мың сәби дүние есігін ашқан. Ал, оларға көбінесе Нұрсұлтан мен Қасым Жомарт есімдері беріледі екен.

Сондай-ақ, биыл баланы асырап алу да артқаны анықталды. Мәселен, 2018 жылы 103 бала жаңа отбасын тапса, 2019 жылы көрсеткіш 136 бүлдіршінге жетіпті.

Назерке Үкібасова