Бүгін «Сапалы жол — Түркістан Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен кезекті мониторингтік бақылау жұмыстары Түркістан облысы Түлкібас ауданының мемлекеттік бюждет қаржысы есебінен салынған ішкі жолдарының көшелеріне жүргізілді.

Автокөлік  жолдарының сапасын сараптау мақсатында  жүргізілген  қоғамдық бақылау жұмыстарына «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің  менеджері Ерұлан Тұңғышбаев, аудан әкімінің орынбасары  Б.Ахметов, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» мамандары, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а. С.Құлжабаев, аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының сарапшысы, арнайы мониторинг топ мүшесі А.Амиров, аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Т.Бердиев және «Замир» ҚБ-нің мүшесі М.Ақтан, сондай-ақ, мердігер компанияның басшылары қатысты.

Қоғам өкілдерімен жүргізілген зерделеу жұмыстары аясында жалпы ұзындығы 5,5 шақырым болатын жолдардың сапасы тексерілді.

Мониторинг барысында жылжымалы жол зертханасы арқылы  жаңадан салынған 3 көшеден, атап айтсақ, Түлкібас кенті Шевцов көшесінен, Т.Рысқұлов ауылы Иманов және Дауан-Бақыбек көшелерінен сынама алынды.

Тексеру нәтижесінде Шевцов көшесінен талапқа сай келмейтін кемшіліктер анықталып, мердігер мекеме басшылығына кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша жұмыстарды сапалы орындау бойынша нақты  тапсырмалар  берілді.

Жобалық кеңсенің негізгі мақсаты — автомобиль жолдарының сапасын арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, Алдағы уақытта Түркістан облысына қарасты барлық аудан/қалалардың жолдары бақылауға алынып, мониторингтік жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.