Түркістан облысында ауыз сумен қамтылған елді — мекендердің саны алдағы  жылдары 715-ке жеткізіліп, қамтылу деңгейін 85,5 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Облыстағы  6 топтасқан және 69 локальды су жүйелерінің ауыз су қызметтерін субсидиялауға  1 715,2 млн. теңге қарастырылып, нәтижесінде  топтасқан су құбырынан 92 елді — мекен  және локальды су құбырынан 68 елді — мекен қол жетімді бағамен ауыз суды  тұтынуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, 30 өтпелі елді-мекеннің жерасты суларына іздестіру барлау жұмыстарына 478,7 млн. теңге бағытталды. Даму бюджеті бойынша 2019 жылдан өтпелі 37 жобаны іске асыруға  4 173,6 млн. теңге қарастырылып, нәтижесінде  37 елді-мекен  ауыз сумен қамтылмақ.

Шынар Оразова