Синоптиктер циклонның әсерінен алғашқы күндері Түркістан облысы мен Шымкент қаласында күн суытады дейді.
Облыстың басым бөлігінде жауын-шашын, таулы аумақтарда жаңбыр қарға ұласады деген болжам жасауда. Сонымен қатар, өңіріміздің кейбір жерлерінде солтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел тұруы ықтимал дейді.
Жанат Жәрменова, жетекші синоптик: «Түркістан облысы мен Шымкентте күн суытады. Ауа температурасы күндіз +10, +15 градустан +5, +10 градус жылылыққа дейін төмендейді. Түнде сынап бағанасы -0+5 және +2 градусты көрсетеді»
Шынар Оразова