Түркістан облысының полицейлері «Допинг» жедел- алдын алу шарасын қорытындылады.
Есірткімен байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды жеткізу арналарының жолын кесу, сондай-ақ есірткі қылмыстарын, психотроптық және улы заттарды қолдану ережелерін бұзушылықтарды анықтау мақсатында қолға алынған жоба қорытындысына сәйкес, 20 құқық бұзушылық анықталып отыр.
Қалалық және аудандық есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметіне сүйенсек, бұл құқықбұзушылықтардың ішінде есірткіні заңсыз сақтаудың 13 жәйті, 3 өткізу дерегі, 2 контрабанда жәйті және 2 есірткі құралдарын, психотроптық немесе улы заттарды пайдалану ережелерін бұзу деректері тіркелген. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері айналымнан шамамен заңсыз 1,5 келі есірткі заттарын алды.
Мөлдір Бекеева