Тұмауға қарсы вакцинация алудың маңызы

374

Тұмау – жыл сайын бүкіл әлемде жаппай өршуге, тіпті эпидемияға әкеп соқтыратын ең көп таралған жұқпалы аурулардың бірі. Тұмау әрдайым жіті басталады – науқас симптомдардың басталу уақытын дәл көрсете алады.

Бірінші кезекте дене қызуы 38ºС, орташа ауырлықтағы 39-40ºС, ауыр ағымда дене қызуы — 40 ºС-тан жоғары болуы мүмкін. Қалтырау, бас ауруы, көз алмасының қозғалысы кезінде, бұлшық еттердің ауыруы, әлсіздік, тәбеттің нашарлауы, тамақтың ауыруы, жөтел, дауыстың қарлығуы, көзден жас ағу байқалады.

Тұмаудың асқынуы
Тұмау әртүрлі асқынуларымен қауіпті. Асқыну жағдайлары медициналық көмекке кеш жүгінгенде және дер кезінде емделмеген жағдайда орын алады. Тұмау асқынулары:
бронхит (бронхтардың қабынуы);
пневмония (өкпенің қабынуы);
гайморит, фронтит (синустардың қабынуы);
балалар арасында жіті құлақ ауруы (отит);
вирусты энцефалит (ми қабығының қабынуы).

Септикалық жағдайда бактериялар қанға түсіп, онан ары көбеюмен сипатталады. Өте ауыр жағдайда өліммен аяқталады.

Сонымен қатар, ағзада ауыр қосымша аурулар: созылмалы өкпе, жүрек-қантамыры аурулары, бронхиальды астма, қант диабеті, созылмалы бүйрек, бауыр жетіспеушілігі және т.б. болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Тұмаудың алдын алуда бірінші кезекте мұрынның, көздің немесе ауыздың шырышты қабаттарына вирустардың түсуіне жол бермеу маңызды. Бұл үшін ауырған адамдармен қатынасты шектеу қажет. Вирустар қалуы мүмкін заттармен байланысқаннан кейін қолды жуу маңызды. Сондай-ақ лас қолмен мұрынды, көзді, ауызды ұстауға болмайды.
Тұмаудың алдын алудың мынадай негізгі ережелерін естен шығармаған жөн:
Тұмаудың арнайы алдын алу эпидемиялық маусымның алдында (қазан айы) жүргізілетін вакцинациялау болып табылады.

2019 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға тұмауға қарсы 123375 доза вакцина сатып алынды, осал топтарға тұмауға қарсы егу жұмыстары жылдағыдай 15 қарашаға дейін, ал жүкті әйелдерге 1 желтоқсанға дейін жүргізілді. Тұмауға қарсы 123375 адамға егу жүргізілді, яғни, жоспарланған топ 100 пайыз егумен қамтылды. Соның ішінде, жүктіліктің 2-3 триместріндегі жоспарланған жүкті әйелдердің барлығы егумен қамтылды, атап айтқанда 7297 жүкті әйелге тұмауға қарсы егу жүргізілді.

Сонымен қатар, жұмыс берушінің есебінен 882 адам, ақылы түрде 13 адам екпе алды.
Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да тұмауға ұқсас аурулардың алдын алудың арнайы емес әдістері де бар.

Олар:
— адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту;
— жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;
— ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;

— даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды мұқият жуу және мұрын қуысын тұзды сумен шаю;
— өзіңіз отырған үй-жайды жүйелі түрде желдету;

— үй-жайға жүйелі түрде ылғалды жинау жүргізіп, ауасын ылғалдандыру;
— құрамында С витамині бар өнімдерді (мүкжидек (клюква), итбүлдірген, шиповник, қарақат, лимон және т.б.) тамаққа көбірек пайдалану;
— сарымсақ және пияз қосылған тамақты көбірек пайдалану;

— дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану.

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, жақсы тамақтаныңыз және жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысыңыз.