Жаңа үйлерге әлі газ берілмеген

163

Жаңа жыл қарсаңындағы жаңа баспана. Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналар мен жұмыс істейтін қала жастарына пәтер кілттерін табыстады.

Елдің қуанышына ортақтасуға келген қала әкімі Ерлан Айтаханов ең бірінші үйдің жертөлесіне түсті. Қыста тоңбай, жылы отыру үшін үйдің жертөлесі таза болуы керек дейді.

Бұл күні 30 отбасына жаңа пәтердің кілті берілді. Шашу шашылды, жаңа баспаның есігі ашылды. Шымкентке жақында келген қала басшысы да жаңа баспана «жұғысты болсын» деп шашуды жинап алды. Қоныс тойын тойлатқан шаңыраққа кіріп, нан ауыз тиіп, теледидар сыйға тартты. Арасында мүмкіндікті пайдаланған тұрғындар әкімге балаларының аузына түкіртіп алды.

Жаңа баспана көгілдір отынмен қамтылмаған. Үйдің тұрғындары 70 пайызға толғаннан кейін ғана, газ беріледі. Бұл сақтық шаралары үшін. Мінберде тұрған әкім халыққа дүрлікпей осындай мәселелерді ортақтасып шешуге шақырды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында бюджет есебінен 2019 жылы 1554 пәтерлі 27 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша қалада жалпы 450 көпбалалы ана мен 904 жас баспанамен қамтамасыз етіледі.

Ғалымжан Кенжебек