Құтқарушылар зейнеткер әжейге көмек көрсетті

114

Бүгін 112 құтқару қызметінің пультіне Төлеби көшесінде орналасқан көп пәтерлі үйдің тұрғынынан қоңырау келіп түсті. Хабарламада 85 жастағы зейнеткер тұратын көрші пәтерден айқайлап, көмек сұрағаны туралы айтылған.

Құтқарушылар хабарламаны алысымен, 12 минут ішінде оқиға орнына келіп, гидравликалық қол домкратының көмегімен металл есікті ашты. Құтқарушылардың артынан жедел медициналық жәрдем бригадасы мен учаскелік инспектор келіп жетті.
Пәтер ашылғаннан кейін қарт әйел өзін нашар сезініп, дәлізде құлап, орнынан көтеріле алмағандығын айтты. Құтқарушылар жедел медициналық көмек қызметкерлерімен бірге оны көтеріп, кереуетке жатқызды, дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетті.

Павел Вишенин
Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметі
жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы