фото tengrinews.kz

Қазақстандық лабороториялар Қытайда эпидемияның таралуына түрткі болған короновирустың жаңа түрінің құрамын алды. Бұл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифингте айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қытайдың денсаулық сақтау саласының мамандары жаңа қоздырғыштың генімен ажыратты. Ұлттық координатор арқылы біз жаңа коронавирус құрылымын алдық. Біздің Алматы мен Нұр-Сұлтандағы отандық зертханаларымыз енді жаңа коронавирусқа арналған тест-жүйені құрастырып шығара алады. Бұл бізге коронавирус симптомдары бар науқастар болған кезде жедел диагностиканы жүргізуге және жедел анықтауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бұл ең маңызды ақпарат», – деді Бекшин.

Ол қазақстандық мамандарға тест-жүйені әзірлеуге 1,5 ай уақыт қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа инфекция 20 пайызға таяу шығысреспираторлық синдром вирусына ұқсас, 2012 жылдан бері 700-ден аса адам осы ауру түрінен қаза тапты. «2012 жылы Сауд Арабиясында Таяу Шығыста ауырғандар саны айтарлықтай болғаны естеріңізде ме? Онда ауруға жарғанаттар мен түйелер себепші болды. Бұл жерде 1 қаңтардан бастап карантинге жабылған теңіз өнімдері нарығының өніміне күдік бар. Қазір қытайлық эпидемиологтар құс, жылан және қояндар арқылы етке түсіп жатыр деп айтады», – деп нақтылады Бекшин.

Ол қазақстандық мамандарға тест-жүйені әзірлеуге 1,5 ай уақыт қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа инфекция 20 пайызға таяу шығысреспираторлық синдром вирусына ұқсас, 2012 жылдан бері 700-ден аса адам осы ауру түрінен қаза тапты.

«2012 жылы Сауд Арабиясында Таяу Шығыста ауырғандар саны айтарлықтай болғаны естеріңізде ме? Онда ауруға жарғанаттар мен түйелер себепші болды. Бұл жерде 1 қаңтардан бастап карантинге жабылған теңіз өнімдері нарығының өніміне күдік бар. Қазір қытайлық эпидемиологтар құс, жылан және қояндар арқылы етке түсіп жатыр деп айтады», – деп нақтылады Бекшин. Клиникалық белгілері мен симптомдары мынадай: тыныс алуы қиындайды, кеуде қуысының рентгенограммасында екі өкпеде де инвазивті өкпе инфильтраттары анықталады.