Қала көшелері қардан тазартылуда

107

Шымкент қаласының 225 орталық және қоғамдық көлік қатынайтын көшелерін қардан тазалау және инертті материал себу жұмыстарын бас мердігер «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-і, қосалқы мердігер мекемелер «Байтерек ЛБ», «Югдорсервис», «NURTAU servis» ЖШС-і атқарды.

Жалпы көшелер 25 бағытта 128 арнайы техника тартылып 1887 текше метр инертті материал себілді. Осы аталған жұмыстар мен аялдама, аяқжолдардың қарын тазалау, қолмен инертті материал себуге 504 жұмысшы жұмылдырылып, жұмыстар толығымен атқарылды.