Қаратау ауданының бюджеті небәрі 505 млн теңге

164

Құрылғанына 5 жыл болған Қаратау ауданында 24 елдімекенде 247 мыңнан астам халық тұрады.

Сайрам ауданынан Шымкент қаласына қосылған елдімекендердегі халықтың аудан әкімі Абзал Әліқұловпен есепті жиыны Орманшы тұрғын алабында өтті. Көрші ауданнан қосылған елдімекендерде мәселе жетерлік.

Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов баяндамасында бюджеттің көлеміі 505 млн теңгені құрағанын кездейсоқ атап өткен жоқпын деп ауыз су, табиғи газ сапалы электр жарығымен қамту мәселесінде күрделіктер барын жасырмады. Қаратау ауданындағы халықтың 25 пайыздан басымы көгілдір отынмен қамтылмаған, 9 мыңға жуық абонент жеке трансформатордан электр жарығын пайдалануда.

Орманшы тұрғын алабындағы тұрмыс және құрылыс қалдықтарынан қордаланған қоқыс үйінділері жайлы қаратаулықтардың жан айқайы биліктегілерге жетіпті. Қоршаған орта мен денсаулыққа зиян келтірген аймақ биыл көріктендірелетін болыпты. Тағы бір өзектілерін көше төрайымы Әнипа Түртбаева тізіп шықты: «Электр жарығы нашар. Жас отбасылар көп тұрады Алатау көшесінде. Светті өздері тартып алған. Желілер сол баяғы Кеңес Одағындағы. Су құбырларында жиі ақау орын алып, су атқылап, жолдарымыздың асфальті шашылып бітті».

Әкім мырза Алатау көшесіндегі мәселелер кезеңімен шешілетінін айтты. Сайрам ауданынан қала құрамына кірген Достық тұрғын алабында табиғи газдың қысымы тым төмендеп кеткені де есепті жиында сөз болды.

Тәжібай Қасымов, Қаратау ауданы «Достық» ауылының ауыл биі: «200 — ден астам  үй  жекеменшік трансформатордан электр қуатын алады. Жел тұрса, свет өшіп қалады. Газдың «напоры» аз. Барлығы қазір үйлерінде  тоңып отыр».

Аудан басшысы табиғи газдың қысымы тек «Достық»  тұрғын алабына тән  мәселе емес, Асар, Қайнарбұлақ елдімекендерінде де күрделі. «Қала әкімдігі қазір бұл мәселені шешуге кірісті. Шымкентте 3-ші АГРС-тің құрылысына бюджеттен 3 млрд. теңге бөлінді. нысан 3 жылда  аяқталады. Сосын халық толық көлемде көгілдір отынмен қамтылады»,- дейді Абзал Әліқұлов.

Есепті жиында тұрғындар мектепке барар аяқ жолын салу, көше жолдарын тегістеу жарықтандыру мәселесіне назар аудару жөнінде әкімге өтініш білдірді. Кездесу барысында көпшілік көтерген тұтынған электр жарығы мен көгілдір отынға түбіртек жеткізу мәселесі шешімін табатын болды.