Қазақстан Қытайдан туристердің алғашқы легін әкелді

162
фото sputniknews.kz

Туристер бортта инфекция жұқтырған адам болмағанын мәлімдеді. Келгеннен кейін оларды тепловизор арқылы тексерген

Қытайдың Хайнань аралындағы қазақстандық туристер мінген алғашқы рейс Алматыға келді. Sputnik Қазақстан тілшілері оларды әуежайда қарсы алды. Жолаушылардың барлығы дерлік бетперде киген.

Әуежайға кіреберісте екі жедел жәрдем көлігі тұрды. Алайда туристер бортта инфекция жұқтырған адам болмағанын мәлімдеді. Келгеннен кейін оларды тепловизор арқылы тексерген.

«Ұшақта тіпті ешкім түшкірмеді. Бізді баспасөздің хабарламасы шошытты. Зәреміз ұшты, ештеңе жеген жоқпыз (экзотикалық). Бетперде мен көзілдірік киіп жүрдік. Ол жақта 20 қаңтардан бері болдық», – дейді Хайкоудан (Хайнань аралындағы қалалық округ) келген қазақстандық Арнай.

Ол сонымен қатар Sputnik Қазақстан тілшілеріне Хайкоудан ұшып шыққан кезде түсірген видеосын көрсетті. Видеороликтен қаланың қаңырап қалғанын көруге болады. Көшеде адам мен көлік мүлдем жоқ.

Карантин жариялануына байланысты барлық адам үйде отыр, деп атап өтті өз аты-жөнін айтқысы келмеген тағы бір жолаушы. Соған қарамастан, оған демалыс ұнапты.
Карантин жариялануына байланысты барлық адам үйде отыр, деп атап өтті өз аты-жөнін айтқысы келмеген тағы бір жолаушы. Соған қарамастан, оған демалыс ұнапты.

«Онда ешқандай дүрбелең жоқ. Бәрі бақылауда. Біз жақсы демалдық. 27 қаңтардан бастап ол жаққа ұшақ ұшпай жатыр, туристерді аралдан шығаруда. Бірақ біз ертерек қайта алмадық», – дейді олардың көпшілігі.