Қазақстан зерттеу мақсатында қытайлық вирустың құрамын алды

181
фото tengrinews.kz

Қазақстандық лабороториялар Қытайда эпидемияның таралуына түрткі болған короновирустың жаңа түрінің құрамын алды. Бұл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифингте айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қытайдың денсаулық сақтау саласының мамандары жаңа қоздырғыштың генімен ажыратты. Ұлттық координатор арқылы біз жаңа коронавирус құрылымын алдық. Біздің Алматы мен Нұр-Сұлтандағы отандық зертханаларымыз енді жаңа коронавирусқа арналған тест-жүйені құрастырып шығара алады. Бұл бізге коронавирус симптомдары бар науқастар болған кезде жедел диагностиканы жүргізуге және жедел анықтауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бұл ең маңызды ақпарат», — деді Бекшин.

Ол қазақстандық мамандарға тест-жүйені әзірлеуге 1,5 ай уақыт қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа инфекция 20 пайызға таяу шығысреспираторлық синдром вирусына ұқсас, 2012 жылдан бері 700-ден аса адам осы ауру түрінен қаза тапты. «2012 жылы Сауд Арабиясында Таяу Шығыста ауырғандар саны айтарлықтай болғаны естеріңізде ме? Онда ауруға жарғанаттар мен түйелер себепші болды. Бұл жерде 1 қаңтардан бастап карантинге жабылған теңіз өнімдері нарығының өніміне күдік бар. Қазір қытайлық эпидемиологтар құс, жылан және қояндар арқылы етке түсіп жатыр деп айтады», — деп нақтылады Бекшин.

Ол қазақстандық мамандарға тест-жүйені әзірлеуге 1,5 ай уақыт қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа инфекция 20 пайызға таяу шығысреспираторлық синдром вирусына ұқсас, 2012 жылдан бері 700-ден аса адам осы ауру түрінен қаза тапты.

«2012 жылы Сауд Арабиясында Таяу Шығыста ауырғандар саны айтарлықтай болғаны естеріңізде ме? Онда ауруға жарғанаттар мен түйелер себепші болды. Бұл жерде 1 қаңтардан бастап карантинге жабылған теңіз өнімдері нарығының өніміне күдік бар. Қазір қытайлық эпидемиологтар құс, жылан және қояндар арқылы етке түсіп жатыр деп айтады», — деп нақтылады Бекшин. Клиникалық белгілері мен симптомдары мынадай: тыныс алуы қиындайды, кеуде қуысының рентгенограммасында екі өкпеде де инвазивті өкпе инфильтраттары анықталады.