Қала әкімі М.Әйтеновтің бұл жолғы жиналысы әтеттегідей кабинетте емес автобуста өтті. Шаһар басшысы өз орынбасарлары мен басқарма басшыларын жинап автобуспен қаланы аралады.
Аралау «Шымкент Сити» шағын ауданындағы мектеп құрылысының барысын көрумен басталды.
Одан әрі Орталық ипподромдағы «Этноауыл» құрылысы жобасымен танысты.
«Karlskrona LB AC» ЖШС-і Мұрат Дүйсенбекұлына атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.
Қала әкімі «Тассай» индустриалды аймағындағы «Asia Trafo» ЖШС-нің жұмысын өз көзімен көрді.
№2 Шымкент қалалық көпсалалы ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
«Қажымұқан» атындағы орталық стадионның ТМД елдерінің мәдени астанасы аясында өтетін іс-шараларға дайындығын пысықтады.
Аралау соңында Мұрат Әйтенов тиісті сала басшыларына ең алдымен жұмыс сапасының жоғары болуын қатаң тапсырды.