Келес ауданында былтыр 44 егіз дүниеге келген

602

Ана мен баланың саулығы — бүтін бір ұлттың болашағы. Сондықтан мемлекет өз кезегінде ұлт саулығына мән беріп, медицина саласын заман ағымына қарай жаңғыртумен қатар, ана мен бала денсаулығына ерекше ден қойып келеді.

2018 жылы Түркістан облысы Келес ауданында 2178 нәресте дүниеге келіпті. Оның 2-і — үшем. Ал 2019 жылы, жалпы — 3377 нәресте туылса, соның ішінде — 1620 қыз, 1757-сі ұл. Ал 44-і — егіз.

Статистикада көрініп тұрғандай жылма жыл аудан халқының саны артып келеді. Әрине қазақи ырымға сүйеніп, көз тимесін дейміз. Әр мемлекеттің басты байлығы – адам. Қазақстанда да адам өмірі барлығынан да маңызды. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында көптеген арнайы бағдарламалар қабылданып келеді. Әсіресе ана мен бала денсаулығына ерекше мән берілуде.