Жаңа жылдан елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысын басталғаны белгілі. Қазақстандықтар биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тіс дәрігеріне жеке емханада тісін тегін емдете алады. Одан бөлек тегін дәрі-дәрмекке қол жетімділік арта түспек.
Биыл амбулаториялық тегін дәрі-дәрмек тізіміндегі дәрінің түрі 400-ге жуықтаған.
Жаңа жүйе ауыл медицинасын дамытуға да үлкен қолдау болмақ. Техника жаңартылып, алғашқы санитарлық көмек пен жедел –жәрдем қызметін қаржыландыру артпақ. Денсаулық саласы мамандарының айтуынша, басты мақсат сапалы медициналық көмек көрсету болуы тиіс.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғалы Шымкенттегі денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы 35% артты. Қаладағы медициналық ұйымдарда халық электронды денсаулық куәлігімен 100% қамтамасыз етілген.