Америкалық атақты режиссер Майкл Бэй рухани астанамыз Түркістан қаласына келмек. Осы уақытқа дейін бірнеше дүркін керемет кинотуындылардың жарыққа шығуына сеп болған режиссер жақын аралықты тіпті өңіріміз туралы кино түсіріп қалуы да мүмкін. Атақты режиссер Түркістан қаласы әкімінің шақыртуын қабыл алды.
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов голливудтық режиссер Майкл Бэйді Қазақстанның рухани астанасында қонақ болуға шақырды.
Режиссер Instagram желісіндегі парақшасында әкіммен хат алмасқан, онда ол шақырудың мерзімін көрсетуді сұрапты. Түркістан қаласының әкімі режиссерді наурыз мерекесін тойлауға шақырды. Аталмыш мерекеге орай ұйымдастырылатын шараларды көрсетіп, рухани орталықтарды аралату да жоспарда бар көрінеді.
«Егер Түркістанға келетін болса, оңтүстіктің қонақжайлылығын көрсететін боламыз. Ол Түркістанда қандай адамдар тұратынын білсе дейміз. Егер фильм түсіреміз десе, әрине көмектесеміз», — деді Рашид Аюпов.