Машатта жаңа көпір пайдалануға берілді

355

Түлкібас ауданы аумағы толығымен газдандырылды, жергілікті тұрғындар көгілдір отынды және таза ауыз суды 100 пайыз тұтынатын республика бойынша озық шыққан бірден-бір ауданға айналды.

Қазіргі таңда келесі кезек күткізбейтін мәселердің бірі ауылдың ішкі жолдары мен көпірлерді жөндеу жұмыстары кезең –кезеңімен іске асыуда.

Осыған орай 30 желтоқсан күні Түлкібас ауданына қарасты Машат-Мынбай бағытындағы аудандық маңызы бар жол бойында орналасқан көпірдің ашылу салтанатты шарасы өтті.

Көпірдің ашылу шарасында алғы сөз алған аудан әкімі Н.Тұрашбеков,
-Қай кезеңде де көпірдің маңызы ерекше. Қаншама жыл бұрын түскен бұл көпір ескіріп, елдің қарым-қатынасына кедергі келтірген еді. Енді міне облыс басшысы Ө.Шөкеевтің қолдауымен облыстық бюджет есебінен жаңадан көпір салынып, ел игілігіне беріліп отыр.

Алдағы уақытта бұл көпір Машат пен Мыңбай ауылдары тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, алдыңғы қатарлы ауылдардың біріне айналуына себепші болатынына сенемін-деп, ауыл тұрғындарын нысанның ашылуымен және аяқ басқалы тұрған жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Салтанатты жиында сондай-ақ, аудандық мәслихаттың хатшысы С.Сейсенбаев және ауыл ақсақалдары құттықтауларын айтып, ақ баталарын берді.

Биылғы жылы аудан бойынша жалпы ұзындығы 62,3 шақырым 41 жолдар мен сол аралықтағы көпірлерге күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайы 84,2% -ға, ал елді-мекен көшелері 85,1%-ға артып отыр.