Шымкенттегі қалалық онкологиялық орталықтарда 25 қаңтарда сағат 09.00-ден 14:00-ге дейін, сондай-ақ ҚР барлық онкологиялық ұйымында жатыр мойны обырының алдын алу және ерте анықтау бойынша ашық күн өткізіледі.
Әйелдер тегін онкогинекологтан кеңес ала алады, сонымен қатар барлық сұрақтарыңызды қойып кеңес алуға және жатыр мойнынан онкоцитологиялық жағынды тапсыруға болады.
Қосымша ақпаратты +7 7252 36-11-13 телефонына хабарласуға болады
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі № 85. Қабылдау және кеңес беру бөлімі.